Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін Ғаббасовты құттықтады.Пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа ату сайысында Еркін 249,1 ұпай жинап, жарыстың жаңа рекордын орнатты және Оңтүстік Кореяның мықты қарсыластарын басып озды.Бұл жеңіс Қазақстан қоржынына алтын медаль ғана емес, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына да жолдама әкелді.Берік Асылов чемпионды жоғары жетістігімен құттықтап, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірді....